«Айталық, жас отбасылар кешкі сағат 8-ден кейін ресурс орталығына келгісі келеді, бірақ ол сағат 6-дан кейін жабылып қалған. Яғни, орталық бар сияқты, бірақ қызмет толық көлемнде көрсетілмей отыр. Заңды ойластыра бастаған кезде, міне, осындай сәттер ескеріле бастады. Мұқтаждық пен қажеттілікті бағалау тармағы енгізілді. Яғни жергілікті органдар жастар ұйымдарын қаржыландырмас бұрын жастардың осындай мұқтаждары мен талаптарын бағалауы тиіс: қызметті қай уақытта алған ыңғайлы және қандай түрде», деп әңгімеледі ол ОКҚ-дағы брифингіде.