Жарияланды: 430

ҚР-ның батыс өңірлері мен оңтүстігінің жекелеген аудандарында жауын-шашын жауып, екпінді жел соғады - 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

ҚР-ның батыс өңірлері мен оңтүстігінің жекелеген аудандарында жауын-шашын жауып, екпінді жел соғады - 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

26 қазан күні антициклонның ықпалымен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасай отырып ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Республиканың батыс өңірлері мен оңтүстігінің жекелеген аудандарында атмосфералық ағымдардың әсерімен жауын-шашын жауып, екпінді жел соғады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында, күндіз Қызылорда, Атырау облыстарының бірқатар аймақтарында желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді. Түнде Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында тұман түсуі ықтимал. Алдағы төрт тәулікте Батыс Алтай өзендерінде су деңгейінің төмендеуі байқалады. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында су деңгейлерінің ауытқулары күтіледі. Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс облыстарының су нысандарында су бетінің одан әрі салқындауы байқалады, жекелеген кіші өзендерде бірінші мұздар пайда болуы мүмкін.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін