Қ.Тоқаев Әзербайжанның бірінші ханымымен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қ.Тоқаев Әзербайжанның бірінші ханымымен кездесті

Қ.Тоқаев Әзербайжанның бірінші ханымымен кездесті

Әзербайжанның бірінші ханымы, Гейдар Әлиев атындағы қордың президенті Мехрибан Әлиева БҰҰ Өркениеттер альянсының VII Жаһандық форумына қатысқан Қазақстан Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті.

  • 27 Сәуiр 2016
  • 288
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Парламент Сенатының төрағасын Әзербайжанға келуімен құттықтаған Әзербайжан елінің бірінші ханымы Баку қаласында өтіп жатқан БҰҰ Өркениеттер альянсының VII Жаһандық форумының маңызын атап өтті. Ол осындай беделді шараның елде өткізілуі Әзербайжанның өркениетаралық диалог саласындағы қызметіне беріліп отырған баға нәтижесі болып табылатынын мәлім етті.

Кездесуде Әзербайжан мен Қазақстан арасында барлық салалардағы  ынтымақтастығы, соның ішінде парламентаралық байланыстар жоғары деңгейде екені атап өтілді.