Қуандық Бишімбаевтың Астананың шетіндегі зәулім коттеджі ауылдық әкімдікке берілетін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.37
  • 532.94
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
14 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қуандық Бишімбаевтың Астананың шетіндегі зәулім коттеджі ауылдық әкімдікке берілетін болды

Қуандық Бишімбаевтың Астананың шетіндегі зәулім коттеджі ауылдық әкімдікке берілетін болды

Он жылға сотталған бұрынғы Экономика министірі Қуандық Бишімбаевтің тиесілі мүліктер енді ғана мемлекеттің меншігіне өтуде. Солардың бірі – Астана түбіндегі Қосшы ауылда салынған зәулім коттедж сот шешімімен аудан әкімдігіне берілмек. Әзірге, аудан басшылығы хан сарайындай үйді неге пайдаланатанын нақты жариялаған жоқ.

  • 27 Шiлде 2018
  • 69
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтің зәулім сарайын сот 62 милионнан асады деп бағалаған. Біраз уақытқа дейін орналасқан жері құпия болып келген коттедждің маңында көптен бері адам болмағаны көрініп тұр. Ал мұнда көршілері құрылысты бастап кеткен. Алайда онда жұмыс істеп жүрген құрылысшылар ғимаратқа соңғы уақытта аты ізін салған ешкімді көрмегендерін айтуда. Тіпті екінші қабаттағы ашық тұрған терезе әлі күнге дейін сол қалпында тұр екен.

Енді бір жылға жуық уақыт бос тұрған зәулім үй жуырда енді аудан әкімдігінің меншігіне өтпек. Ал оны әкімдік алдағы уақытта ауылға ең қажет болып тұрған мәдениет үйі, немесе балабақша айналдыру жоспарында бар екен.

«Бүгінгі күнде ауылымызда тапшы музыкалық мектептер, мәдениет үй жоқ соған пайдалануға болады. Оған бізде, ауыл тұрғындары да қуанышты болар еді» – дейді Қосшы ауылдық округы әкімінің міндетін атқарушы Сұлтан Орақбай.

Осы жылдың наурыз айындағы бұрынғы экономика министірі сотталған кезде оған тиісілі мүліктер жайында айтылған еді.

Аумағы 500 шаршы метр болатын алып үйде сауна бассеин мен үлкен хол және үш жатын бөлме бар. Сот болған кезде куәгер ретінде үйді әрлеу ісіне жалдаған дизайнерлерді шақырған. Олар үйдің Бишімбаевқа тиесілі екенін айтып берген болатын.


Бұған дейін экс-министрдің әйелі коттеджге Бишімбаев отбасылық бюджетінен 90 мың доллар жұмсағанын айтқан еді. Қалған қаржыны бес адам қосқан. Ал«Бәйтерек Деволопменттің» бұрынғы төрағасы Бақыт Жақсыбаев Қосшыдағы зәулім коттеджді Бишімбаев пара ретінде алған ақшаға салды деп түсінік берген болатын.

Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, жалпы аңшылық стилінде салынған үйдің құрылысына шамамен 300 мың доллар жұмсалған. Енді жылға жуық уақыт қаңырап тұрған ғимарат алдағы екі айдың ішінде аудан әкімдігіне өтпек. Оның алдағы уақытта неге пайдаланатыны туралы жаңалықтарымызда көрсететін боламыз.