Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
Әншінің таңдауы Назерке есімді аруға түсіпті. Көрерменнің айтуынша әншінің жары Түркістан облысы, Шәуілдірдің тумасы екен. Және өнерде жолында емес, медицина мамандығында білім алып жатыр.
Беташар кезіндегі ерекше көзге түскен жәйт келіннің бетін анасы немесе басқа адам емес, өнердегі және өмірдегі досы Төреғали Төреәлі және ақын Дидар Қамиев ашқан болатын.
Әншінің карантин уақытында той жасағанын әлеуметтік желідегі оқырмандар құп көрмеді.
Жергілікті басқарма мен полиция қызметкерлері келіп той ұйымдастырушыларды тіркеп, той жасаған адамдарға да айыппұл жазып кеткен.
Айта кетейік, Қуандықтық қайын жұрты яғни Назеркенің ата-анасы да ұзату той жасағандығы үшін айыппұл төлейтін болған.