“Қуат Ахметов елден шығып кетуге мәжбүр болды”, - Абзал Құспан - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Қуат Ахметов елден шығып кетуге мәжбүр болды”, - Абзал Құспан

“Қуат Ахметов елден шығып кетуге мәжбүр болды”, - Абзал Құспан

"Тілдік рейдтер" ұйымдастырушысы Қуат Ахметов елден кетуге мәжбүр болды.

  • 31 Тамыз 2021
  • 180
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы оның адвокаты Абзал Құспан Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады, — деп жазады Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

"Конституция; қағазда және іс жүзінде

Конституцияның 1-бабы қағаз жүзінде:
“Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары”.

Іс жүзінде: күні кеше ғана Жамбыл облысында, бейбіт уақытта ондаған адам жарылыс салдарынан көз жұмды. Ол бірінші рет болып тұрған жоқ. Мына билік тұрғанда ешбір жоғары лауазым иесі ол үшін жауап бермейді!

7-бап қағаз жүзінде:
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл — қазақ тілі.

Іс жүзінде:

Кеше, ҚР Конституцияның 30 жылдығы қарсаңында, анығы, даталы күнге 1 сағат қалғанда, Қуат Ахметов елден шығып кетуге мәжбүр болды!

Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтаннан үйлеспей, Ақтау арқылы қалай, қайтіп шығарып жібергенімізді кейін айта жатармын, әзірге Қуат туралы мына жәйттерді біліңіз, ол:


— банк тонап, миллиардтарды ұрлап,
— билікте отырып, елін тонап,
— қылмыс жасап, соның ізін жасыру үшін,
ҚАШҚАН ЖОҚ!

Ол;
— Заманбек, Алтынбектер атылғанда,
Арон, Max Bokayev т.б. көптеген батырлар түрмеге тоғытылғанда, Margulan Boranbay істі болғанда әрекетке көшпеген елімді оятамын деп, “Қазақ тілі — МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ”- деп жазылған Конституцияны іс жүзінде орындатамын деп, отбасын, төрт баласын, шешесін тастап, бір кездегі Мұстафа Шоқай жолын жалғап кетті, бірақ, қайта оралу үшін кетті!

Ол — КҮРЕС ЖОЛЫН ТАҢДАДЫ", — деп жазды Абзал Құспан.