Жарияланды: 500

«Құдай сақтасын»: Меруерт Түсіпбаева сырға салуға ішін ашып келген Алагөзованың қызын сынның астына алды

«Құдай сақтасын»: Меруерт Түсіпбаева сырға салуға ішін ашып келген Алагөзованың қызын сынның астына алды

Бұған дейін де продюсер Баян Алагөзованың жобаларын сынап келген әнші Меруерт Түсіпбаева енді оның қызына шықты. Оған Айсәуле Бақытбектің сырға салу рәсіміне киген киімі ұнамай қалыпты. 

«31» арнадан шығатын «Айта берсін» бағдарламасында Түсіпбаева өз қызын бұлай киіндіруге жол бермейтінін айтты.   

«Құдай сақтасын, жоқ. Менің қызым болса олай істетпейтін едім. Мен ойлаймын, ұзату, сырға салу деген ол қазақтың інжу-маржаны, ол ата-бабамыздан қалған мұра, ғасырдан ғасырға жеткен әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ешқашан мен өзімнің қызым болса немесе өсіп келе жатқан кішкентай жиендерім бар, мен көнбейтін едім. Қазіргі жастар, әрине келте ойлайды. Ал ата-аналары қайда қарап отыр? Ол мүлде маған ұнамайды», – деген ол қыз ұзатуда ұлттық киім киіп, қазақы әшекей бұйымдар тағу керек екенін айтады. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін