Құлағы ауыр еститін бүлдіршіндерге арналған сынып ашылады - Қызылорда - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құлағы ауыр еститін бүлдіршіндерге арналған сынып ашылады - Қызылорда

Құлағы ауыр еститін бүлдіршіндерге арналған сынып ашылады - Қызылорда

«Жол картасы» бағдарламасы аясында Қызылорда қаласындағы «Сыр жұлдызы» балабақшасы мен №11 мектепте құлағы нашар еститін балаларға инклюзивті топ пен сынып ашылатын болады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

  • 28 Ақпан 2014
  • 353
Фото - Caravan.kz

Өңірде жұмысқа жарамды, бірақ мүмкіндігі шектеулі 3300-ден астам адам бар. Соның тек 600-дейі жұмыспен қамту орталықтарына «екі қолға бір күрек» сұрап хабарласқан.

Хабарламада көрсетілгендей, бүгінде 172 жан тұрақты жұмысқа орналасса, 208-і — қоғамдық жұмыстарға, 43-і — кәсіптік оқытуға, 19-ы — жастар тәжірибесіне, 38-і әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген.

Ақпаннан бастап мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өткізілуде. Алғашқысы Қызылорда қаласы мен Сырдария ауданында ұйымдастырылды. Олардың арасынан 48 адамға тұрақты жұмысқа жолдама берілді.

Он екі мүшесі түгел емес жандардың мамандығы жоқтығы да жұмысқа орналасуларына кері әсер етуде. Алдағы уақытта бұл мәселе де басты назарда болады. Облыста мүмкіндігі шектеулі балаларға қызмет көрсететін 17 арнайы білім беру ұйымдары жұмыс жасайды.