Құлағы нашар еститіндерге арналған ерекше қызмет - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құлағы нашар еститіндерге арналған ерекше қызмет

Құлағы нашар еститіндерге арналған ерекше қызмет

Семейлік мұражай құлағы нашар еститіндерге арналған ерекше қызмет түрін көрсетуді бастады. Есту қабілетінде ақауы бар адамдар мұнда кәдімгі планшет арқылы түрлі қылқалам туындылары туралы толық мағлұмат алады.

  • 12 Ақпан 2014
  • 237
Фото - Caravan.kz

— Теперь чаще будешь приходить?

— Конечно буду говорит…

Әзірге «аудиогид» деп аталатын бағдарламаға суретшілердің 46 картинасы енгізілген. Алдағы уақытта оның қатарын әлі де толықтырмақ екен. Жобаны ұйымдастырушылар бұған 1 жарым млн теңге жұмсапты. Бұл қаражатқа он планшет алынып, арнайы 3Д форматында мұражайдың іші түсірілген. Мүлдем естімейтіндерге туынды туралы ақпаратты ыммен жеткізу жағы да қарастырылған. Ал үйінен шыға алмайтын мүгедектер сурдоаудармасымен берілген осындай мәліметтерді арнайы сайттан тамашалай алады. 


Рауан Қалиев, жоба менеджері:

-Құлағы нашар еститін адам болса, жаныңызда гид жүрсе, ол мысалы, жоғары дауыста немесе қатты сөлеуі керек. Ол картина көріп жүрген басқа адамдарға кедергі жасауы мүмкін. Сондықтан аудиогидтің ерекшелігі құлағына салып, қатты қосып алса, бүкіл ақпаратты ыңғайлы дауыста ала алады.