«Құлтемір Чаппи» фильмі үлкен экранға шығады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Құлтемір Чаппи» фильмі үлкен экранға шығады

«Құлтемір Чаппи» фильмі үлкен экранға шығады

Оңтүстікафрикалық ғалым жасаған робот көпшілікпен кездеседі. Көремен асыға күткен «Құлтемір Чаппи» фильмі үлкен экранға шығады. Экшн жанрындағы туындының режиссері Нил Бломкамп. Басты рөлдерде атақты актерлер – Хью Джекман, Сигурни Уивер және Дев Патель ойнаған. Фильмді таратушы – «Дисней» және «Сони» компанияларының Қазақстандағы дистрибюторы «Меломан» компаниясы.

  • 5 Наурыз 2015
  • 239
Фото - Caravan.kz

Жаңаша түсірілген қиял-ғажайып фильмнің желісі бойынша, қылмыскерлермен полицейлер емес, ерекше роботтар күреседі. Сезімнен ада құлтемірлер ешкімді аямайды. Йохансбургте болған техникалық төңкерістен кейін Винсент Мур ойлауға қабілетті робот жасап шығарады. Ал осы жас ғалымның рөлінде Хью Джекман ойнайды.

Хью Джекман, актер:

–  Мен құлтемірдің адамға ұқсағанын қаламадым. Айрықша туындыларды ұнатамын. Құлтемір бәрін білсе және адамға кеңес берсе деп ойлаймын. Мысалы, қиындықтан шығар жол көрсетсе.

Ал робот шығаратын ірі корпорацияның директоры Мишель Бредли көптеген әскери машиналарды жасайды. Оның ролін сомдаған Сигурни Уивер өмірде «темір ханымға» мүлдем ұқсамайды.

Сигурни Уивер, актриса:

Кейіпкерімді қатты аяймын. Мен бақытты әйелмін, тұрмыс құрғаныма 40 жыл болды. Отбасым, қызым бар. Ал Мишельдің мониторындағы иттің суреті мен қаруынан басқа ешнәрсесі жоқ. Біз мүлде бөлек адамдармыз.

 «Құлтемір Чаппиді» әлі көріп үлгермегендер оны жасанды қабілет иесі туралы атыс-шабысқа толы картина шығар деп ойлауы мүмкін. Бірақ бұл бұл әділетсіздік пен ақиқат қатар жүретін қоғамдағы адамдар туралы фильм. Наурыздың бесінен бастап кинотеатрларда «Меломанның» тартуын қабыл алыңыздар.  

Дев Патель, актер:

Сіздерді «Құлтемір Чаппи» фильмін көруге шақырамын. Бәріңізге ұнайды деп сенемін.