Құмар ойынды көлік тұрағында қыздырып келген - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құмар ойынды көлік тұрағында  қыздырып келген

Құмар ойынды көлік тұрағында қыздырып келген

Ақтауда заңсыз жұмыс істеп келген кезекті ойынхана әшкереленді. Казино бизнесін қыздырғандар қаладағы көлік тұрағының бірінде жасырынған. 

  • 11 Ақпан 2014
  • 185
Фото - Caravan.kz


Арнайы жасақ аяқасты кіріп келгенде іштегілердің шошығаны соншалық, біреуіне жедел жәрдем шақыртуға тура келіпті. Ойыншы есін жинағанша, жергілікті прокуратура қызметкерлері мен тәртіп сақшылары мекемедегі бар фишка, жиылып қалған қомақты ақшаны тәркілеп үлгерді. Соған қарағанда заңсыз казинода ойын үздіксіз жүргізіліп, келушілері де көп болған сыңайлы. Бүгіннің өзінде 9 клиент пен оларға қызмет көрсеткен қос диллердің қолына кісен салынған. Ал казино иесі енді ірі көлемде айыппұл төлеп, қылмыстық жауапқа тартылатын болады.