Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Қарағанды облысы әкімінің төрағалығымен 2015 жылы 31 наурызда өткен әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссия отырысы барысында компанияның қаржы директоры Суроджит Гхош жұмыс орындары сақталатынын мәлімдеді», делінген баспасөз қызметінің бүгінгі хабарламасында.
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ ArcelorMittal халықаралық болат балқыту концернінің құрамына кіреді және Қазақстанның тау-металлургиялық секторының ірі кәсіпорны болып табылады. АҚ құрамына меткомбинат және Қарағанды облысындағы сегіз көмір шахтасы, Қарағанды, Ақмола, Қостанай облыстарындағы темір кенін өндіретін төрт кеніш кіреді.