"АрселорМиттал Теміртау" кəсіпорнының қысқартуға ұшыраған қызметкерлері жұмыссыз қалмауы тиіс - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"АрселорМиттал Теміртау" кəсіпорнының қысқартуға ұшыраған қызметкерлері жұмыссыз қалмауы тиіс

"АрселорМиттал Теміртау" кəсіпорнының қысқартуға ұшыраған қызметкерлері жұмыссыз қалмауы тиіс

 Қарағанды облысында əлеуметтік серіктестік жəне еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссия отырысы өтті.

  • 2 Сәуiр 2015
  • 506
Фото - Caravan.kz


Онда өндірістік процестерді тұрақтандыру жəне "АрселорМиттал Теміртау" АҚ жұмысшыларының құқының қорғалуын қамтамасыз ету жайы талқыланды. 
Отырыста компанияның қаржылық директоры Суроджит Гхош қаңтар айвнда 220 мың тонна, наурызда 320 мың тонна шойын өндірілгенін айтты.
"Бірақ дағдарыс пен өнімге деген сұраныстың азаюын ескерсек, жүзден астам адам қысқартуға ұшырауы мүмкін. Біз бизнесте бұрын-соңды мұндай қиындыққа тап болған емеспіз", — деді С.Гхош.
Алайда ол қандай жағдай болса жұмысшылар мүддесі ескеріледі деп сендірді.
Компания металлургтерінің "Жақтау" кəсіподағы төрағасы Виктор Щетинин қысқарту туралы жоспарды қолдамайтындарын жеткізді.
"Біз он жетінші наурыздағы қаулыны алдық. Бұл жұмысшылардың он пайызы деген сөз. Яғни, бұл жерде жаппай қысқарту туралы айтуға болады. Онда 165 адамды қысқарту айтылған. Тағы бір бұйрықта тағы 160 адамды аутсорсинге жіберу туралы жазылыпты", — деді В.Щетинин.
Тараптарды мұқият тыңдаған əкім Нұрмұхамбет Əбдібеков компания басшыларын еңбек дауларын тудырмас үшін жұмысшылардың мүддесі мен кəсіподақ пікірін ескеруге шақырды.
"АрселорМиттал Теміртау" басшылары еңбек дауын болдырмас гшін кəсіподақпен конструктивті диалог орнатуы тиіс. Жəне ең бастысы қы қартуға ұшырағандар жұмыссыз қалмауы тиіс. Оларды бос орындарға орналастыру немесе қайта даярлау қажет",- деді Н.Əбдібеков.