"Жұлдыздарға қара" жобасы аясында 70 мүгедек-кәсіпкер 200 мың теңгеден гранттар алды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жұлдыздарға қара" жобасы аясында 70 мүгедек-кәсіпкер 200 мың теңгеден гранттар алды

"Жұлдыздарға қара" жобасы аясында 70 мүгедек-кәсіпкер 200 мың теңгеден гранттар алды

Қазақстанның 14 өңірінің 70 мүмкіндігі шектеулі кәсіпкері "Жұлдыздарға қара" - "Посмотри на звезды" жобасы аясында жалпы сомасы 16 млн. теңге болатын гранттарға ие болды.

  • 23 Желтоқсан 2014
  • 879
Фото - Caravan.kz

"Жұлдыздарға қара" — "Посмотри на звезды" жобасы "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры мен "Құс Жолы" корпоративті қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен іске асырылып отыр. Өз ісін дамытуға арналған 200 мың теңге көлеміндегі гранттарды еліміздің 14 облысы мен Алматы және Астана қалаларының 70 мүмкіндігі шектеулі кәсіпкері алып отыр», — дейді "Даму" қорының басқарушы директоры Ғабит Лесбеков.

Оның айтуынша, биыл бір гранттың көлемі 200 мың теңгеге дейін барды. Осылайша жобаның жалпы бюджеті 16 млн. теңгеге дейін өсіп, былтырмен салыстырғанда 2 есеге ұлғайған.

Басқарушы директордың мәліметінше, конкурс жеңімпаздары екі кезең бойынша анықталған. Бірінші кезең маусымда, екіншісі — қараша-желтоқсанда өткізілді. Конкурсқа өз ісін бастаған немесе енді бастайын деп жүрген, кәмелеттік жасқа толған мүгедек-кәсіпкерлердің бизнес-идеялары іріктеліп алынды. Жобаға барлығы 193 өтініп келіп түскен, олардың үштен бірі — 30-40 жас аралығындағы адамдар.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, келесі жылы да аталған жоба жалғасын табады. Оның үстіне, жобаның бюджетін едәуір ұлғайту да көзделіп отыр.


Айта кетейік, "Жұлдыздарға қара" жобасы 2005 жылы құрылып, мүгедек-кәсіпкерлердің хоббилері мен істерін жүзеге асыру үшін грант бөлуге арналған болатын. Бұдан әрі  жоба мүмкіндігі шектеулі адамдардың бизнес-жобаларын қаржыландыруға бағытталды.