Құпия тыңшы туралы фильм көпшілікті таңғалдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құпия тыңшы туралы фильм  көпшілікті таңғалдырды

Құпия тыңшы туралы фильм көпшілікті таңғалдырды

Күллі адамзатқа төнген қауіп-қатерден бұл жолы «Первый мститель: Другая война» фильмінің батырлары құтқармақ. Туынды атыс-шабыс десе делебесі қозатын нағыз қызуқанды көрерменге арналған. Шытырман оқиғалы блокбастер ертеңнен бастап Қазақстанның барлық кинотеатрларының афишаларында.

  • 3 Сәуiр 2014
  • 248
Фото - Caravan.kz

Отқа салса жанбайтын, суға салса батпайтын Америка батыры осы. Стив Роджерс. Құпия тыңшы талай жаудың бетін қайырған. Бірақ, бұ жолғы дұшпаны нағыз елестің өзі.       

Американы жаруды ойлаған елестің ізіне «мен» деген жауынгерлердің бірі қалмай бәрі түседі. Бірақ, қаскөй ешбіріне де ұстатпайды. Ақырзаманның алдын-алу жолында басты кейіпкер, тіпті, өзінің әріптестерінен күдіктене бастайды.

Атыс-шабысқа толы фильмге атақты Скарлет Йоханссон да түскен. Қару асынған ару кино үшін арнайы төбелесуді де үйреніпті. Туындыда жантүршіктірер жарылыстардың көптігі сонша, оның бір студия қабырғасында түсірілгеніне сену қиын.       



Шытырман оқиғалы блокбастердіҚазақстанға «Дисней», «Базелевс» және «Сони» студияларының ресми дистрибьюторы «Меломан» компаниясы әкеліп отыр.