"Құқығыңызды біліңіз": Заңгер әйелін боқтағаны үшін күйеуі қанша айыппұл төлеуі керектігін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Құқығыңызды біліңіз": Заңгер әйелін боқтағаны үшін күйеуі қанша айыппұл төлеуі керектігін айтты

"Құқығыңызды біліңіз": Заңгер әйелін боқтағаны үшін күйеуі қанша айыппұл төлеуі керектігін айтты

Әлеуметтік желіде заңгердің отбасылық қарым-қатынасқа қатысты берген кеңесі көптің талқысына қалды. 

  • 3 Қазан 2023
  • 60
Фото - Caravan.kz

Заңгер Мәулен Спанқұлов оқырмандарына "Күйеуіңіз боқтаса не істеуге болады?" деген тақырыпта кеңесін берген, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы.

"Егер сізді күйеуіңіз үйде сізді боқтап қорласа не істеуге болады? ҚР Қылмыстық кодексінің 131-бабына сәйкес күйеуіңізге 100 АЕК (345 мың теңге) дейін айыппұл салдыра аласыз. Құқықтарыңызды біліп жүріңіз", — деген ол. 

Желі қолданушылары маманның бұл кеңесіне "Қазақтың менталитетіне келмейді", "Есі дұрыс әйел күйеуім боқтады деп шағымданбайды" десе енді бірі "Дұрыс айтасыз. Олай қорланбауы керек әйел" деген  пікірлерін жазуда.