Құрбандыққа шалған қойдың тілінен алтын жүзік шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құрбандыққа шалған қойдың тілінен алтын жүзік шықты

Құрбандыққа шалған қойдың тілінен алтын жүзік шықты

Қызылорда облысы Шиелі ауданының тұрғыны құрбандыққа шалған қойдың тілінен алтын жүзік шыққан. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 17 Қазан 2014
  • 478
Фото - Caravan.kz

Әбдірахман Ыбыраев құрбан айт қарсаңында базарға барып, құрбандыққа шалуға мал алады. Базардан алған малын әкесінің үйіне әкеліп, құрбан айтқа бағыштап шалады. 

Мал етінің үштен бірін және басын шаңыраққа алып қалып, қалғанын жоқ-жітіктерге таратып береді. Басын үйітіп болып, жағын айырып, тісін қаққалы жатқанда күтпеген жағдайға тап болады. Қойдың тіліне алтын жүзік жабысып тұр екен. Тілдің ортасындағы ойыққа сіресіп қатып қалған.

«Шамасы қозы шағында қолдан сүт бергендіктен бе, әйтеуір, жабысқанына біраз уақыт болған. Бәлкім, алтын жүзік сол кезде саусақтан сырғып түсіп тілге байланды ма, белгісіз», — дейді Ә.Ыбыраев