Құрбанғұлы Бердімұхамедовтің елімізге қашан келетіні белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 439.4
  • 473.54
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құрбанғұлы Бердімұхамедовтің елімізге қашан келетіні белгілі болды

Құрбанғұлы Бердімұхамедовтің елімізге қашан келетіні белгілі болды

Түркіменстан Президенті Құрбанғұлы Бердімұхаммедовтің Қазақстанға ресми сапармен келетін күні белгілі болды.

  • 15 Сәуiр 2017
  • 1033
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы осы елдің мемлекеттік ақпарат агенттігіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлады. 

Мәлімет бойынша, Гурбангулы Бердімұхаммедов Министрлер кабинетінің кезекті отырысын өткізген. Жиында мемлекеттік маңызы бар өзекті мәселелер мен бірқатар құжаттар қаралды. Сондай-ақ, сараланған тақырыптардың бірі Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхаммедовтың 18-19 сәуірге жоспарланған Қазақстан Республикасына ресми сапарына дайындық шаралары болды.

Айта кетейік, Министрлер кабинетінің отырысында ел президенті Түркіменстанның Астанада биыл 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтетін «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесіне қатысуы туралы Жарлыққа қол қойды. 


Соңғы жаңалықтар