Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттік пен Жер ресурстары басқармасы жаңадан құрылған Аймақтық даму министрлігінің қарамағына өтетін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттік пен Жер ресурстары басқармасы жаңадан құрылған Аймақтық даму министрлігінің қарамағына өтетін болды

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттік пен Жер ресурстары басқармасы жаңадан құрылған Аймақтық даму министрлігінің қарамағына өтетін болды

Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан республикасының мемлекеттік басқару жүйесін әрі қарай жетілдіру туралы» жарлығы негізінде үкіметке Аймақтық даму министрлігін құруды тапсырды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

  • 17 Қаңтар 2013
  • 604
Фото - Caravan.kz

«Аймақтық даму министрлігі құрылсын. Оған Экономикалық даму және сауда министрлігінің аймақтық даму саласындағы мемлекеттік саясатпен айналысу, кәсіпкерлікті қолдау, соның ішінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар қызметін үйлестіру функциясы берілсін», — делінген жарлықта.

Сонымен қатар, президент Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі мен Жер ресурстары басқармасын жаңадан құрылатын Аймақтық даму министрлігінің қарамағына беруді тапсырды.
Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша үкімет құрамында Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері; кәсіпкерлікті дамыту; жер ресурстарын басқару комитеттері бар Аймақтық даму министрлігін құруы тиіс.