Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде 14 жастағы жасөспірім жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде 14 жастағы жасөспірім жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды

Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде 14 жастағы жасөспірім жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды

Жамбыл облысында сейсенбі күні соңы өліммен аяқталған екі қайғылы оқиға болды, деп хабарлады ҚР ТЖМ.

  • 21 Тамыз 2013
  • 482
Фото - Caravan.kz

Тараз қаласында күндіз кәріз құбырын төсеу кезінде «Тараз-Су» МКК 35 жастағы жұмысшысын топырақ басып қалды, алған жарақаттардан ол оқиға орнында жан тапсырды.

Сонымен қатар, Тараздағы «Модуль Е-2030» ЖШС құю цехында құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде 14 жастағы жасөспірім электр жарақатын алып, оқиға орнында мерт болды. Тоқ соққан кезде күйік алған екі ер адам ауруханаға жатқызылды.

Келеңсіз оқиға Астанадағы кәсіпорында да орын алды. Өндірістік жұмыс жүгізу кезінде «Өркен» ЖШС 19 жастағы жұмысшысы жарақаттанып, ауруханаға жатқызылды.