Жарияланды: 270

Құтқарушылар 12 көлік пен 26 адамды қар құрсауынан шығарды

Бүгін түнгі сағат үште Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен-Зырян-Степное кенті-Ушановский кенті» тас жолында 12 көлік пен 26 адамның қар құрсауында қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп мәлім етті ҚР ТЖМ.

ҚР ТЖМ-нің «Шығыс аймақтық аэромобильдік жедел-құтқару жасағы» ММ-нің (5 адам мен 1 техника бірлігі) күшімен ішінде адамдар отырған көліктер жолдың тазартылған учаскесіне сүйретіліп апарылып, ол жерден қозғалыстарын жалғастырды. Зардап шеккендер жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін