Құтқарушылар Эльбрус шыңында екі альпинисті іздестіріп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құтқарушылар Эльбрус шыңында екі альпинисті іздестіріп жатыр

Құтқарушылар Эльбрус шыңында екі альпинисті іздестіріп жатыр

Құтқарушылар Эльбрус шыңында адасып қалған екі альпинисті  іздестіруде. Әзірге мәлім болған деректерге қарағанда, олардың бірі Украина азаматы, ал екіншісі Мәскеу тұрғыны, деп хабарлайды РФ ТЖМ Эльбрус іздеу-құтқару отряды бөлімшесінің басшысы Альберт Хаджиев.

  • 6 Мамыр 2014
  • 293
Фото - Caravan.kz


«Хабар бізге мәскеу уақытымен 17:00-де түсті. Топ жетекшісі  Андрей Березин  альпинистердің 4,9 мың метр биіктікте болғандығын, көрінімнің нашарлығынан бағыттарынан адасқандықтарын жеткізді»,-дейді  бөлімше бастығы.

 Шыңға шығар алдында бұл топ  құтқарушыларға тіркелген. «Украина азаматының есімі Николай, ал екіншісі  Мәскеу тұрғыны Елена Серебрякова. Пятигорскіден олардың жетекшілері Андрей Березин келді»,-деп түсіндірді Хаджиев.