Құтырған бура екі фермерді таптап өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құтырған бура екі фермерді таптап өлтірді

Құтырған бура екі фермерді таптап өлтірді

Күйек кезінде құтырған бура  екі адамды таптап өлтірді. Оқыс оқиға Техас штатында Уичита Фоллс  қалашығы (Wichita Falls)  маңындағы хуторда болған, деп хабарлады 11 қаңтарда NBC News телеарнасы.

  • 12 Қаңтар 2015
  • 355
Фото - Caravan.kz

72 жастағы ферма иесі Пегги Макней (Peggye McNair) мен 53 жастағы оның көмекшісі Марка Мере (Mark Mere) түнгі екі жарымда табылған. Алдын ала болжам бойынша, қайғылы оқиға кешқұрым болған сыңайлы.

Мере түнге қарай жануарға су бермек болған. Алдын ала астауға құйылған су қатып қалғандықтан ер адам шелекпен тасыған. Оның үстіне бұл қорада  үш түйе болған көрінеді. 

Құтырған бура күнде жөм-шөбін беріп жүрген иесіне тап беріп, қуа жөнелген. Ферма иесі 72 жастағы кейуана өз жұмысшысына көмек бермек болып, жануардың алдын орай қораның есігін жаппаққа әрекеттенеді. Бірақ үлгере алмайды. Бура екеуін де таптап өлтіреді.