Қырғыз азаматтары Қазақстанда тіркеусіз 30 күн жүре алады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғыз азаматтары Қазақстанда тіркеусіз 30 күн жүре алады

Қырғыз азаматтары Қазақстанда тіркеусіз 30 күн жүре алады

Қазақстан үкіметаралық келісімге енгізілетін өзгерістер әзірледі. Жаңа толықтырулар қазақстандықтар мен қырғыз азаматтарына қос республиканың аумағында тіркеусіз 30 күн жүруге мүмкіндік береді. Бұл туралы республиканың ішкі істер министрлігінен хабарлады.

  • 1 Маусым 2016
  • 337
Фото - Caravan.kz


 

Бұған дейін Қырғызстанның көші-қон жөніндегі мемлекеттік қызметі басшысының орынбасары Алмазбек Асанбаев қазақстандықтардың Қырғызстан аумағында еш тіркеусіз болу мерзімін қазіргі 30 күннен бес күнге дейін қысқарту қажеттігін, себебі қырғыз азаматтарына қазіргі таңда Қазақстанда тіркеусіз жүруге тек 5 күнге ғана рұқсат етілетінін мәлімдеген еді,.деп жазады РИА Новости.

«ЕАЭО аясында тепе-теңдікті сақтау мақсатында қазақстандық тарап «Қазақстан Республикасы үкіметі мен Қырғыз Республикасы үкіметі арасындағы Қазақстан азаматтарының Қырғыз Республикасының аумағында және Қырғыз азаматтарының Қазақстан аумағында болу тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде хаттама» әзірледі. Онда тараптарды ішкі істер органдарында тіркеуден 30 күнге дейін босату жағы қарстырылған», — деп мәлімдеді ведомстводан.

 

 

Соңғы жаңалықтар