Қырғыз қор биржасында мемлекеттік бағалы қағаздардың саудасы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғыз қор биржасында мемлекеттік бағалы қағаздардың  саудасы басталды

Қырғыз қор биржасында мемлекеттік бағалы қағаздардың саудасы басталды

Бішкек. 14 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін". Қырғыз қор биржасы Қаржы министрлігі, Орталық депозитарий және Қырғызстан Ұлттық банкімен бірлесіп мемлекеттік қазынашылық вексельдерін сату жөніндегі пилотты жобаны жүзеге асыра бастады. Бұл туралы Қырғыз қор биржасынан хабарлады.

  • 14 Қыркүйек 2007
  • 455
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сауда-саттық жұмыстары бүгін басталады. Бұл оқиға салтанатты шараға ұласады , оған Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев қатысады.

Биржада тоғыз айлық мемлекеттік бағалы қағаздарды сату жоспарланған. Қырғызстан Қаржы министрлігі вексельдерді мемлекеттік бюджеттің тапшылығын өтеу үшін шығарып отыр.

Бұған дейін мемлекеттік бағалы қағаздар республиканың Ұлттық банкі арқылы саудаға шығарылатын. Егер жоба табысты болып жатса, онда мемлекеттік қазынашылық вексельдердің барлық түрлері Қырғыз қор биржасының сауда алаңына шығарылатын болады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті