Қырғыз Республикасы Косовоның тәуелсіздігін тануды кейінге шегеріп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғыз Республикасы Косовоның тәуелсіздігін тануды кейінге шегеріп отыр

Қырғыз Республикасы Косовоның тәуелсіздігін тануды кейінге шегеріп отыр

Бішкек. 21-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің соңғы шешімі шыққанша Косовоның тәуелсіздігін тануды кейінге шегере тұрған жөн, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 21 Ақпан 2008
  • 380
Фото - Caravan.kz

Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, Қырғызстан Косовоның тәуелсіздігін тануды кейінге шегере тұруды жөн деп тапқан. Себебі, Біріккен Ұлттар Ұйымының № 1244 резолюциясына сәйкес, мәселені бейбіт жолмен шешуде негізгі рөл Қырғыз Республикасы қағидаларын құрметтейтінін және ұстанатынын дәлелдеген Біріккен Ұлттар Ұйымына берілген.

«Сонымен бірге Қырғызстан тәуелсіздікті бір жақты жариялау бүкіл әлемдегі сепаратистік пиғылдарды өршітуі мүмкін екендігіне баса назар аударады. Сондықтан, Қырғызстан Республикасы тараптарға мәселені халықаралық құқық және халықаралық қауіпсіздік аясында бейбіт келіссөздер жолымен шешуге шақырады», — деп мәлім етті баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарламасында, сонымен бірге, Қырғызстан Республикасы БҰҰ миссиясын аймақтың бүкіл этникалық топтарының құқықтары мен қауіпсіздігінің тең болу кепілдігін қамтамасыз етуге шақырып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті