Қырғыз жұртына екі мектеп салу жөніндегі заң жобасы мақұлданды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғыз жұртына екі мектеп салу жөніндегі заң жобасы мақұлданды

Қырғыз жұртына екі мектеп салу жөніндегі заң жобасы мақұлданды

 Сәрсенбі күні Мәжіліс депутаттары Қырғызстанда мектеп салу туралы үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады.

  • 18 Желтоқсан 2013
  • 598
Фото - Caravan.kz

Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті хабарлағандай, аталған келісімге 2012 жылы 22-тамызда Бішкекте қол қойылған. Ал, 2013 жылдың 1-сәуірінде құжатқа өзгертулер енгізілді.

Келісімнің мақсаты – Ош облысына 900 орындық мектеп салып, оның аймағын абаттандыру болып табылады. Хаттама бойынша салынатын мектеп санын екеуге жеткізу көзделген.

Келісімге сәйкес, қырғыз жағы мектеп салу үшін Бішкекте 2,49 гектар, Ошта 2,5 гектар жер телімін бөледі.


Мектептер «Самұрық-Қазына» қорынан бөлінген қаржыға салынады. Жобалардың жалпы құны 1 млрд 200 млн 800 мың теңгені құрамақ.