Сондай-ақ, Қырғызстан аумағындағы ауруханада, Қазақстандық хирургтар жасаған операциядан кейін тасымалдауға келмейтін аса ауыр жағдайда еліміздің бір азаматшасы қалды».
Денсаулық сақтау министрінің мәліметінше, жол апатынан жарақаттанған басқа адамдар амбулаториялық емдеуге жіберілді. Зардап шеккендердің басым бөлігі Алматыдағы қалалық 4-ші және 7-ші, балалардың №1 ауруханаларына жатқызылды. «Бұл негізінен Алматы тұрғындары», — деді А. Дерновой.
Қаза тапқан қазақстандықтардың мәйіттері ел аумағына жеткізіліп, туыстарына тапсырылды.
Республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Ішкі істер министрлігіне халықаралық және ішкі бағыттарға жолаушы тасымалына шығарылған барлық автокөлікке 1 қыркүйекке дейін кешенді тексеру жүргізуді тапсырды. Сонымен бірге ол Көлік және коммуникациялар министрлігі мен ІІМ-іне жолаушы тасымалына қызмет көрсететін көлік құралдары үшін жаңа стандарттардың жобасын жасап қабылдауға пәрмен берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті