Жарияланды: 370

Қырғызстан азаматы Қазақстанға 4 килодай есірткі алып өтпек болған

Жамбыл облысында ірі мөлшерде есірткімен қырғыз азаматы ұсталды. Өткен түні "Қордай" кеден бекетінде қырғыз азаматының көлігін тексеру кезінде кеден қызметкерлері 3 кг 822 грамм героин салынған екі пакет тауып алды, деп "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне бүгін облыстық кедендік бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Құдайберген Рысдәулет мәлімдеді. Осы факті бойынша тексеру амалдары жүргізілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін