Қырғызстан биыл өз астығымен өзін небәрі 70%-ға ғана қамтамасыз ете алады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан биыл өз астығымен өзін небәрі 70%-ға ғана қамтамасыз ете алады

Қырғызстан биыл өз астығымен өзін небәрі 70%-ға ғана қамтамасыз ете алады

Бішкек. 27 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан биыл өз астығымен өзін небәрі 70%-ға ғана қамтамасыз ете алады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 27 Маусым 2008
  • 350
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қырғызстан үкіметінің азық-түлік мәселесіне арналған кезекті отырысында осы саладағы жағдайдың нашарлауына алып келген бірнеше себеп аталды. Атап айтсақ, көктемгі далалық жұмыстарға дизельдік отынды мемлекеттік материалдық резервтен беліленген мерзімді бұза броньдау, науқанды біршама кешіктіре жүргізу, ауылшаруашылығы дақылдарының егіс құрылымын сақтамау, топырақтағы ылғал қорының төмендеуі, суғаруға арналған суды тиімсіз пайдалану.

Жағдайға түсініктеме берген республика үкімет басшысы Игорь Чудиновтың мәлімдеуінше, биыл қандай жағдайда да шетелдерден қосымша бидай сатып алуға тура келмек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті