«Өткен жылдың екінші жартысында жасалған мұндай рақымшылықтың алғашқысы күткен нәтиже әкелген жоқ. Қаржы министрлігі 2007 жылды қорытындылай отырып осындай ойға келді», — деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
Қаржы министрлігінен хабарлағандай, мұның себептерінің бірі парламент рақымшылық жасалған мүліктен немесе капиталдан 5 пайыз міндетті төлем төлеу жөнінде бекітуі. Бұл Қырғызстан үшін аса жоғары болып шықты. «Тағы да басқа қателіктер жіберілді. Осы жасалған қателіктер ақша құралдары мен мүлікке рақымшылық жасаудың екі кампаниясын жасаған Қазақстанның сәтті тәжірибесімен бірге зерттелу үстінде».
Сонымен бір мезгілде, Қырғызстанның салық және алым жөніндегі мемлекеттік комитеті сәтсіздікті бұрынғы парламенттің салық пен кедендік төлемдерді төлеуден жалтару жөніндегі ережені тиісті заңға енгізбегенінен көріп отыр. Жаңа парламенттің тиісті комитеті Қазақстан тәжірибесін ескере отырып, бірқатар түзетулер енгізген және рақымшылықты тағы 180 күнге ұзартуға ұсыныс жасаған. Үкімет жақын арада рақымшылықтың жаңа мезігілін белгілеу немесе бұрынғыны қанша уақытқа өзгерту керектігін анықтауы тиіс.
Жалпы алғанда, Қырғызстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, қазір республиканың бүкіл экономикасының жартысына жуығы көлеңкелі экономикада орналасқан.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті