Жарияланды: 390

Қырғызстан Инвестициялар мен экспорттық несиелерді сақтандыру жөніндегі ислам корпорациясына мүшелікке өтуі мүмкін

Бішкек. 21 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан Инвестициялар мен экспорттық несиелерді сақтандыру жөніндегі ислам корпорациясына мүшелікке өтуі мүмкін, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Ислам экономикасы" баспасөз клубына сілтеме жасап.

Клуб мәліметінше, 19 тамызда Инвестициялар мен экспорттық несиелерді сақтандыру жөніндегі ислам корпорациясының таныстық миссиясына қатысушылар Қырғызстанның мүдделі мемлекеттік органдарының өкілдерімен жүздесті. Осы корпорацияның іс-қызметі мен мүмкіндіктері Қырғызстанның Экономикалық даму және сауда, Қаржы министрліктері, Қаржы нарығын қадағалау және реттеу қызметі, Қырғызстан Ұлттық банкі, Қырғызстанның Ұлттық сақтандырушылар қауымдастығына таныстырылды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть