Қырғызстан Кедендік одаққа техникалық себептерге байланысты биыл қосыла алмайды, деп есептейді ЭДСМ-дегілер - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан Кедендік одаққа техникалық себептерге байланысты биыл қосыла алмайды, деп есептейді ЭДСМ-дегілер

Қырғызстан Кедендік одаққа техникалық себептерге байланысты биыл қосыла алмайды, деп есептейді ЭДСМ-дегілер

Қырғызстан Кедендік одаққа (КО) биыл таза техникалық себептерге байланысты қосыла алмайды, деп есептейді ҚР экономикалық даму және сауда вице-министрі Тимур Сүлейменов мәлім етті.

  • 14 Маусым 2011
  • 413
Фото - Caravan.kz

«Қырғызстан 2011-ші жылы таза техникалық себептерге байланысты КО-ға мүше болып үлгере алмайды… Одаққа кіру мәселесі айтарлықтай ауқымды және ол техникалық жұмыстарды қажет етеді. Бірінші база ауқымды – ол қазіргі сәтке 90 келісім. Бұл келісімдердің барлығына қосылу мұқият талдауды, экономикалық есепті, заңгерлік сараптауды қажет етеді», — деді Т. Сүлейменов дүйсенбі күні ҚазТАГ тілшісіне телефон арқылы.

Еске салсақ, 19-шы мамырда КО үкімет басшылары Минскіде ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің отырысында Қырғызстанның Кедендік одаққа қосылу өтінішін талқылады.

Соңғы жаңалықтар