Қырғызстан коммунистерінің фракциясы елдегі АҚШ әуе базасының қызметін тоқтату туралы мәселені қарастыруды ұсынады
Бішкек. 11 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан коммунистерінің фракциясы АҚШ азаматтарынан көптеген қару-жарақ және оның қоймасын тауып алу бойынша дабыл қағып, елдегі АҚШ әуе базасының қызметін тоқтату туралы мәселені қарастыруды ұсынады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі саяси партияның президент, үкімет пен парламент атына жолдаған үндеуіне сілтеме жасай отырып. |
"Американың әскери қызметкерлері жасаған көптеген қылмыстар (жаяу жүргіншілерді қағып кету, Қырғызстан азаматы Александр Ивановты өлтіру), ауыл шаруашылық алқаптары мен елді мекендерге жанармай төгу - бұл Қырғызстанға АҚШ-пен тығыз ынтымақтастық әкеліп отырған "пайданың" бір бөлігі ғана", - деп атап көрсеткен коммунистер.
"Біздің жерімізде қару-жарақтың тау болып үйіліп жатуына, біздің жерімізден үшінші мемлекеттерге қатер төніп отырғанына жол бермеуіміз керек", - деп есептейді Қырғызстан коммунистерінің фракциясы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін