Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасында жер сілкінісі болды, құрбан болғандар мен қираған ештеңе жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасында жер сілкінісі болды, құрбан болғандар мен қираған ештеңе жоқ

Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасында жер сілкінісі болды, құрбан болғандар мен қираған ештеңе жоқ

Алматы. 1 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасында жер сілкінісі болды, құрбан болғандар мен қираған ештеңе жоқ, деп хабарлайды агенттік тілшісі CA-News ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

  • 1 Тамыз 2008
  • 381
Фото - Caravan.kz

Орташа қуатты жер сілкінісі 1 тамызда сағат 07.29-да Қырғызстанның Жалалабад облысының аумағында тіркелді.

Қырғызстанның ТЖМ-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жер сілкінісі ошағында дүмпу қуаты 5 балл болды.

Қырғызстанның ҰҒА Сейсмология институтының мәліметінше, сілкініс ошағы Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасында, Кербен ауылынан оңтүстік шығысқа қарай 45 шақырымда, Ташкумыр қаласынан солтүстік батысқа қарай 35 шақырымда, Майлуусуу қаласынан солтүстік батысқа қарай 60 шақырымда тіркелген.

Жер сілкінісінің қуаты Кербен ауылында 4 балл, Ташкумыр қаласында — 3 балл, Майлуусуу қаласында — 2,5 балл болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті