Қырғызстан мен Ресей Қырғызстанның РФ алдындағы сыртқы берешегін өшіріп тастау мәселесін дәйектейтін болады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан мен Ресей Қырғызстанның РФ алдындағы сыртқы берешегін өшіріп тастау мәселесін дәйектейтін болады

Қырғызстан мен Ресей Қырғызстанның РФ алдындағы сыртқы берешегін өшіріп тастау мәселесін дәйектейтін болады

Бішкек. 17 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Мәскеуге жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев Бішкекке қайтар жолда ұшақ ішінде БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Қырғызстан мен Ресей Қырғызстанның РФ алдындағы сыртқы берешегін өшіріп тастау мәселесін дәйектейтін болады

  • 17 Шiлде 2008
  • 352
Фото - Caravan.kz

деп мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі осы ел президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтсақ, Қ.Бакиев Ресей президенті Дмитрий Медведевпен кездесуге РФ премьер-министрі Владимир Путиннің де қатысқанын айтты.

Президенттің айтуынша, осындай форматта «Қырғызстан мен Ресейдің екі жақты қарым-қатынастарының қазіргі кезеңдегі мәселелері, сондай-ақ, екі жақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды».

«Ауқымды инвестициялар жайлы да сөз қозғалды. Біз қазір «Қамбарата-2» СЭС өз күшімізбен салып жатқанымыз белгілі, бірақ мен Д. Медведев пен В.Путинге Ресейдің «Қамбарата-2» және «Қамбарата-1″ су электр станцияларын салуға инвестиция салуды ұсындым. Менің ұсынысымды Ресейдің президенті мен үкімет басшысы қолдады», -деді Қырғызстан президенті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті