Қырғызстан парламенті бас прокурордың отставкасын қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан парламенті бас прокурордың отставкасын қабылдады

Қырғызстан парламенті бас прокурордың отставкасын қабылдады

Қырғызстан парламенті сәрсенбіде Бас прокурор Аида Салянованың отставкасын қабылдады.

  • 21 Қаңтар 2015
  • 227
Фото - Caravan.kz


Бас прокурор арызын президент Алмазбек Атамбаевқа 19-қаңтар күні берген, алайда түпкілікті шешім қабылдау үшін оны депутаттық корпустың кем дегенде үштен бірі мақұлдауға тиіс.
Отставканы 120 депутаттың 57-і қолдады.
Кейбір парламентшілер оның отырысқа келіп, сұрақтарға жауап беруін талап етсе, де, А.Салянова отырыста болған жоқ, дауыс беру онсыз өтті.
Алдында қызмет бабын асыра пайдалану және алаяқтық туралы қылмыстық іс қозғалған, онда бас прокурордың жұбайы Бақыт Әбдіқапаровтың есімі де аталды, істі республика Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті тергеуде. А.Салянованың жұбайы — Б.Әбдіқапаров Қырғызстан әділет министрінің көмекшісі болып жұмыс істейді.
Кеше кешке А.Салянова "Азаттыққа" берген сұхбатында жұбайы туралы айтылғанның жалған екендігін, уақыт келгенде бар жағдайдың анықталатындығын мәлімдеген болатын.