«Бүгін Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев үкіметте жаңа кадрлерді тағайындау жөнінде жаңа жарлықтарға қол қойды «, — деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, президенттің жарлығымен Қырғызстанның қорғаныс министрі генерал-лейтенант Исмаил Исаков, ішкі істер министрі — Болотбек Ногойбаев, сырты істер министрі — Эднан Карабаев, мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағалығына- генерал-лейтенант Марат Суталинов тағайындалды
Президент әкімшілігінде хабарлағанындай, жуырда президент үкіметте кадрлерді тағайындауға байланысты тағы да бірнеше жарлықтарға қол қояды. Сонымен жаңа жыл қарсаңында министрлер мен мемлекеттік агенттіктердің жаңа басшыларының аттары белгілі болады. Ал үкімет кабинеті жанындағы комитет басшылары жаңа жылдан кейін анықталады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті