Қырғызстан парламентінде мұсылмандарға намаз оқитын бөлме ашылады
Қырғызстан парламентінде бүгін спикер Ахматбек Келдібековтың қатысуымен мұсылмандарға арнап намаз оқитын бөлме ашылады, деп бүгін журналистерге "Ар-Намыс" оппозициялық фракциясының депутаты Тұрсынбай Бәкір ұлұ мәлімдеді. |
Намаз оқитын бөлме парламентғимаратының жертөлесінде орналасқан. Бұл ғимаратта 2010 жылдың 7 сәуіріне дейін Қырғызстан үкіметі орналасқан, қазіргі кезде жетінші қабатты президент Роза Отынбаеваның жұмыс кабинеті мен оның аппараты орналасқан.
Парламент мүшелерінің айтуынша, 120 депутаттың 20-сы үнемі намаз оқиды. Сонымен қатар парламенттік аппарат пен президент аппаратының қызметкерлері де күн сайын намаз оқиды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін