Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев мәлімдеме жасады

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев мәлімдеме жасады

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев кейбір БАҚ-тар мен саясаткерлердің мақсаты елдегі жағдайды тұрақсыздандыру мен мемлекет басшысын

  • 11 Наурыз 2017
  • 762
Фото - Caravan.kz

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев кейбір БАҚ-тар мен саясаткерлердің мақсаты елдегі жағдайды тұрақсыздандыру мен мемлекет басшысының беделін түсіру екенін мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Соңғы кездері Қырғызстан Республикасында баспасөздегі сөз бостандығы деп ұрандатып жүрген тәуелсіз журналистер, БАҚ-тар мен саясаткерлер өздеріне ұнамайтын адамдардың, бірінші кезекте тәуелсіз Қырғызстан президентінің атына кір келтіріп, адамдарға жала жабу құқығын беруді талап етіп жатыр. Мұндай әрекеттер соңғы жылдары жекелеген БАҚ-тарда, тіпті әлеуметтік желілерде былтыр жаздан бері күшейіп жатыр. Өтірік, өсек-аяң мен масқаралау. Журналистер мен БАҚ-тардың басты міндеті — адамдарға жалған ақпарат пен өсек-аяң жеткізу емес, шын әрі боямасыз ақпарат пен объектив деректерді жеткізу екенін еске салғым келеді", — деді Алмазбек Атамбаев мәлімдемесінде.

Атамбаевтың айтуынша, Қырғызстанға бейбітшілік, тұрақтылық, бірлік пен ынтымақтастық керек.


"Қырғызстан азаматтарына тәуелсіз журналистердің, БАҚ-тардың және саясаткерлердің негізгі мақсаты ақиқатты іздеу емес, керісінше, қазіргі мемлекет басшысына қатысты өсек-аяң таратып, қараша айында өтетін президент сайлауы алдында елдегі жағдайды тұрақсыздандыру. Еліміздегі тиісті органдарға сөз бостандығы дейтіндерге заңды орындау президентке қана емес, бәріне де міндет екенін еске салу керек", — делінген мәлімдемеде.
 

Соңғы жаңалықтар