Қырғызстан Президенті Елбасын І дәрежелі «Манас» орденімен марапаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан Президенті Елбасын І дәрежелі «Манас» орденімен марапаттады

Қырғызстан Президенті Елбасын І дәрежелі «Манас» орденімен марапаттады

Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты І дәрежелі «Манас» орденімен марапаттады.

  • 2 Шiлде 2015
  • 413
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Қырғызстан Президентінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Қырғызстан Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев «Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты І дәрежелі «Манас» орденімен марапаттау» жөніндегі Жарлыққа қол қойды.

Жарлыққа сәйкес, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев одақтастық қарым-қатынастарды және Қырғызстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестікті дамытуға, екі ел халқы арасындағы тату көршілік пен достық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлесі үшін І дәрежелі «Манас» орденімен марапатталды.