Ал Бішкекте жалпыхалықтық шеруге шыққан оппозиция өкілдері Үкімет үйін басып алды. Қазіргі жағдаймен оппозиция жақтастары ғимаратты толық бақылауға алған. Мемлекет басшысының жұмыс бөлмесі де ереуілшілердің қолына көшті. Шеруге қатысушылар Қырғызстан Республикасының қорғаныс министрі Эсен Топоев бастаған ірі шенеуніктерді жұмыс бөлмелерінде қамауда ұстап отыр.
Жалпыхалықтық ереуілдер салдарынан бірнеше адам зардап шекті. Алайда құрбан болғандар туралы ақпарат әзірге расталмай отыр. Бүліншілікке 10 мыңдай адам қатысуда.
Бішкек қаласының орталығында кейбір дүкендер жабылып, қаладағы көлік қозғалысының ырғығы бұзылды.