Қырғызстан президенті парламентті тарату жөніндегі жарлыққа қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан президенті парламентті тарату жөніндегі жарлыққа қол қойды

Қырғызстан президенті парламентті тарату жөніндегі жарлыққа қол қойды

Бішкек. 22 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев парламент - Жогорку кенешті мерзімінен бұрын тарату жөніндегі жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі осы ел мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 22 Қазан 2007
  • 416
Фото - Caravan.kz

«Жогорку Кенеш өз әрекеттерімен және шешімдерімен биліктің заң шығарушы тармағы болып табылатын Жогорку кенеш пен биліктің сот тармағы — Қырғызстан Республикасының Конституциялық соты арасында еңсеруге келмейтін қарама-қайшылық жасау арқылы дағдарыс тудырды», — делінген президенттің жарлығында.

Жарлық қол қойылған күнінен бстап күшіне енеді. Қырғызстанда соңғы парламент сайлауы 2005 жылдың қаңтар-ақпан айларында өтті. Халықтың осы сайлау қорыытндысымен келіспеуі наурыз төңкерісіне түрткі болды.

Ал парламенттің бүгін өткен отырысында Мелис Эшимканов, Рашид Тагаев секілді парламент депутаттары өз беттерімен өкілеттіліктен бас тартты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті