Қырғызстан президенті ресми сапармен Қазақстанға келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан президенті ресми сапармен Қазақстанға келеді

Қырғызстан президенті ресми сапармен Қазақстанға келеді

Астана. 18 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев ресми сапармен Қазақстанға келеді. Бұл туралы Қазақстан мен Қырғызстан сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы барысында Қазақстанның сыртқы саясат мекемесінің басшысы Марат Тәжин құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 18 Ақпан 2008
  • 371
Фото - Caravan.kz

«Бүгінгі отырыс барысында біз бірлескен іс-әрекеттерді үйлестіру жайын талқылап, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық міндеттерін айқындауды, сондай-ақ, Қырғызстан президентінің таяудағы Қазақстанға ресми сапарының аясында өтетін жоғары мемлекетаралық кеңестің екінші отырысының күн тәртібін келіспекпіз», — деді М. Тәжин.

Министр «екі елдің сыртқы істер министрлерінің кеңесі екі республиканың мемлекеттік органдарының іс-қызметін үйлестіруде және ықпалдастықтың келешегі бар бағыттарын айқындауда жұмысшы тетікке айналуда», деп атап өтті.

Өз кезегінде Қырғызстанның сыртқы істер министрі Эднан Карабаев «екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың ұдайы жоғары түсіністікпен, жоғары интеграциялық деңгеймен сипатталатынын және кеңестің бүгінгі отырысы бұрынғыдан да сапалы өзара түсіністік деңгейіне көтерілуге мүмкіндік беретінін» атап өтті.

Ресми мәліметке сәйкес, екі ел арасындағы тауар айналымы 2007 жылы 531 млн долларды құраған, бұл 2006 жылмен салыстырғанда 30,6%-ға жоғары. Қазақстан Қырғызстан экономикасына тартылған инвестициялардың көлемімен бірінші орында. Атап айтсақ, өткен жылдың 10 айында Қазақстаннан тартылған инвестициялардың көлемі 150 млн доллардан асқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті