Оның айтуынша, қазіргі күні Тоқтағұл суқоймасында су көлемінің жетіспеушілігінен қосымша су жіберу мүмкін емес. «Биыл Тоқтағұл суқоймасы өткен жылға қарағанда 4,2 млрд текше метрге аз. Оның үстіне Қырғызстан қысқа дайындалуы керек. Яғни, электр қуатын әрі қарай өндіре беру үшін су қоймасында судың қажетті көлемін жинап алуы қажет», — деді Б. Кошматов.
«Бұрнағы жылдары Қырғызстан Қазақстан мен Өзбекстанға 2,2 млрд текше метрден су жіберетін. Қазір Қырғызстанда республиканың өз қажеттіліктері үшін электр қуатын өндіруге қажетті көлемде ғана су жіберілуде», — деп хабарлады Б. Кошматов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті