Жарияланды: 670

Қырғызстан Республикасының президенті Құрманбек Бакиев мәжіліс төрағасын қабылдады

Астана. 23 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан Республикасының президенті Құрманбек Бакиев Бішкекте Қазақстан парламенті мәжілісінің төрағасы Аслан Мусинмен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Тараптар Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынастың келешегін дамыту, екі туыс халықтың достық және мәдени байланысын нығайту жөніндегі мәселелер туралы ой қозғады. Құрманбек Бакиев Қазақстан мен Қырғызстан арасында өзара толықтай түсіністік қалыптасқанын атап өтті. Қазақстан ең басты экономикалық әріптес болып табылады.Үстіміздегі жылы тауар айналымы 30 пайыздан асты. Аслан Мусин туысқан екі халық арасындағы ынтымақтастықты қос елдің Президенттерінің өзара байланысы одан әрі нығайта түскенін айтты. Бүгінгі таңда бірлесе қызмет етудің арқасында 400-ден астам бірлескен кәсіпорын құрылды және де жұмыс істеп тұр. Қазақстан кәсіпорындары қырғызстандықтар үшін 8 мыңнан астам жұмыс орындарын ашты. Бұл сапар 2008 жылғы сәуір айындағы Қырғызстан Республикасының президенті Құрманбек Бакиевтің елімізге жасаған ресми сапарының және екі елдің Жоғарғы мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысының қорытындыларына орай жүзеге асырылды. Екі ел президенттері сол бас қосуда Қазақстан парламенті ратификациялаған үшінші мемлекеттер азаматтарының шекаралық аудандар шегінде туристік визамен болуын өзара мойындау туралы қазақстан-қырғызстан парламентаралық келісімі жайлы мәмілеге келді. Енді Қазақстан-Қырғызстан үкіметаралық кеңесін құру жөніндегі келісімді ратификациялау күтіп тұр. 2008 жылдың аяғына дейін қырғыз жағымен қазақ-қырғыз мемлекеттік шекарасы тұрғындарының шекаралық аймақтан өту тәртібі туралы келісімнің жобасын жасап, мақұлдау жоспарланған. Сондай-ақ, Қырғызстан Республикасы азаматтарының Қазақстан аймағында, Қазақстан Республикасы азаматтарының Қырғызстан аймағында тіркеуінің өзара тиімді жолы қарастырылуда. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть