Қырғызстан Республикасының президенті Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының ауғанстандық есірткі тасымалымен күреске қатысты үндеуіне қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан Республикасының президенті Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының ауғанстандық есірткі тасымалымен күреске қатысты үндеуіне қол қойды

Қырғызстан Республикасының президенті Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының ауғанстандық есірткі тасымалымен күреске қатысты үндеуіне қол қойды

Бішкек. 15-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан Республикасының президенті Құрманбек Бакиев ауғанстандық есірткі тасымалымен күресті күшейтуге қатысты Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының әлем қауымдастығына жасаған үндеуіне қол қойды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан Республикасы президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 15 Қараша 2007
  • 425
Фото - Caravan.kz

Осылайша, «Қырғызстан қазіргі заманның ең негізгі қаупі саналатын есірткі бизнесімен күресте күш біріктіруді қалайтындығын тағы да дәлелдеді», — деп атап көрсетті баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, «Қырғызстан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының осы міндеттерді шешу жолында барлық мүдделілілк танытқан елдерге, халықаралық және аймақтық ұйымдарға Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының аясында үнемі өткізілетін «Арна» есірткіге қарсы операциясына қатысуға шақырған ұсынысын қолдайды», деп атап көрсетті баспасөз қызметіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті