Жарияланды: 480

Қырғызстан Санкт-Петербургте теракт ұйымдастырған лаңкес туралы мәліметті тексеріп жатыр

Қырғызстан Санкт-Петербургте теракт ұйымдастырған лаңкес туралы мәліметті тексеріп жатыр

Қырғызстанның құқық қорғау органдары Санкт-Петербургте теракт ұйымдастырған лаңкес 1995 жылғы Акбаржона Джалиловтың азаматтығы туралы мәліметті тексеріп жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР МҰҚК баспасөз қызметіндегілер айтып берді.

Ресейдегі Қырғызстан Елшілігі дипломатиялық арналар арқылы Джалиловтың Ресей азаматтығын қашан алғанын тексеріп жатыр. Осыған дейін, Акбаржон Джалиловтың Қырғызстан азаматы болғаны және кейінірек Ресей азаматтығын алғаны туралы хабарланған. Дипломатиялық өкілетігінің мәліметінше, Қырғызстанның барлық құзырлы органдарына Акрамжон Джалилов туралы мәліметтерге сұраныс жіберілген. РФ-ның құқық қорғау органдары және дипломатиялық органдарымен бірлесе жұмыс жүріп жатыр.

3 сәуірде Санкт-Петербург метросында болған жарылыстан кем дегенде 10 адам қаза тапты, зардап шеккендер саны 52-ге жетті. Жарылыс метроның екі бекетінде болған - "Сенная площадь" және "Технологический институт". Екі жарылыстан зардап шеккендер арасында балалардың бары да анықталған. Құтқарушылар жолаушыларды эвакуациялады "Зардап шеккендер мен қаза тапқандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын. Мен арнайы қызмет өкілдерінің басшыларымен сөйлестім. Федералды қауіпсіздік қызметінің директорымен сөйлестім. Құқық қорғау органдары мен арнайы қызмет өкілдері оқиғаның егжей-тегжейлі зерттеп, дәл бағасын береді. Қала билігі, егер қажет болып жатса федералдық билік қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасына қажетті көмек көрсетеді", - деген еді Путин Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесу барысында.
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін