Қырғызстан Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымы елдерінің кеден істерінде ынтымақтасу туралы келісімінің жобасын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымы елдерінің кеден істерінде ынтымақтасу туралы келісімінің жобасын мақұлдады

Қырғызстан Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымы елдерінің кеден істерінде ынтымақтасу туралы келісімінің жобасын мақұлдады

Бішкек. 28-қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан кеден істерінде ынтымақтасу және өзара көмек беру туралы Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына

  • 28 Қыркүйек 2007
  • 395
Фото - Caravan.kz


Бішкек. 28-қыркүйек. «Қазақстан Бүгін» — Қырғызстан кеден істерінде ынтымақтасу және өзара көмек беру туралы Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы келісім жобасын мақұлдады, деп хабарлайды «Қазақстан Бүгін» агенттігінің тілшісі Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Бұл келісімнің ережелері жолаушылар және жүк тасымалын жетілдіру, кеден төлемдерінің дұрыс есептелуін, төленуін және алынуын қамтамасыз ету, есірткі заттарының заңсыз айналымымен күрес, сондай-ақ, кедендік мақсаттарда ақпарат алмасу мәселелерінде Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің ынтымақтасуына құқықтық негіз жасамақ», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, Қырғызстанның Мемлекеттік кедендік комитет төрағасы Нұрлан Ахматовқа өзгертулер мен толықтырулар енгізу құқысымен республика үкіметінің атынан аталмыш келісімге қол қоюға өкілеттілік берілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті