Қырғызстан Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы жұмыс сапарымен елімізге келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 469.52
  • 553.75
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы жұмыс сапарымен елімізге келеді

Қырғызстан Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы жұмыс сапарымен елімізге келеді

Бүгін, 27-сәуірде Қырғызстан Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Роза Отунбаева жұмыс сапарымен елімізге келеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 27 Сәуiр 2005
  • 327
Фото - Caravan.kz

Сапар 27-29-сәуір аралығында жалғасады деп күтілуде. Р.Отунбаева сапар барысында республика үкімет басшысы Даниал Ахметов, парламент сенатының төрағасы Нұртай Әбіқаев, ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаевпен кездеседі.

Қырғызстан Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы сонымен бірге президенттің мәдениет орталығы, Астананың жаңа әкімшілік орталығы, «Астана бас жоспары» ҚКК, «Бәйтерек» және «Думан» кешендерін аралайды.